-A A +A

Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі

Бөлімінің басшысы: Алима Орынғалиқызы Рысқалиева

Байланыс телефоны: 8 (7122) 35-75-43

Бөлімінің мақсаты: Мекеменің іс әрекеті және оның мүліктік жағдайы туралы дәлелді және толық ақпарат қалыптастыру; мекеменің шаруашылық операцияларын дұрыс жүзеге асыру мақсатында мекеме басшысын ақпаратпен қамтамасыз ету; бекітілген нормалармен, нормативтер және сметаға сай материалдық және  қаржы ресурстарын пайдалану,  мүліктер мен міндеттердің қозғалысы және қолдағы есебін қамтамасыз ету; субъектің шаруашылық іс әрекетінің теріс нәтижесін болдырмау.

Бөлімінің функциялары:

1)    бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

2)    жасалатын операциялар заңдылығын және құжаттарды дұрыс ресімдеу мен мерзімінде жүзеге асырылуын алдын ала бақылау;

3)    ашық кредиттарға сай қаражат шығынын үнемдеу мен дұрысын бақылау және бюджет бойынша бекітілген мақсатты тағайындалған шығыс сметамен оларға енгізілген белгіленген тәртіптегі өзгертулер, сондай-ақ ақшалай қаражат пен материалдық игіліктердің сақталуы;

4)    қызметкерлер мен жұмысшыларға жалақы төлемін мерзімінде есептеу және төлеу;

5)    кәсіпорындармен, мекемелер және жеке тұлғалармен қаржылау жоспарын орындау процессінде туындайтын есептерді мерзімінде жүргізу;

6)    ақшалай қаражатқа түгендеу жүргізуге қатысу, есептер мен материалдық игіліктер, түгендеу нәтижесін мерзімінде және дұрыс анықтау, оның есептігін көрсету;

7)    бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімінде дайындау және тапсыру;

8)    негізгі құралдар, азқұнды және тез тозатын заттар мен басқа материалдық құндылықтардың сақталу және пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;

9)    бухгалтерлік құжаттарды сақтау, шығыс смета есебінің тізілімін, оларға есептер, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды мұрағатқа тапсыру.