-A A +A

Сағынбай Бейбітұлы Тұрғарин

Сағынбай Бейбітұлы Тұрғарин  12 ақпан 1980 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық селосында дүниеге келген. Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 1998-2002 жылдар аралығында оқып, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Атырау облыстық Әділет басқармасы авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау шұғыл жұмыс тобының жетекші маманы қызметінен бастаған.

2002-2003 жж. Атырау облыстық Әділет басқармасы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің жетекші маманы.

2003 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау және нашақорлық есірткі бизнесіне қарсы күрес тобының жетекші маманы.

2003-2006 жж. авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау және нашақорлық есірткі бизнесіне қарсы күрес тобының бас маманы.

2006-2007 жж. Атырау облыстық Әділет департаменті діни бірлестіктермен байланыс бойынша бөлімінің бастығы.

2007-2010 жж. Махамбет аудандық Әділет басқармасының бастығы. 2010-2013 жж. Атырау қалалық Әділет басқармасының басшысы.

2013 жылдың 16 тамызынан бастап Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы