-A A +A

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінінің басшысы Сәуле Рыспайқызы Ермышева

Байланыс телефоны: 35-75-33
Қабылдау күні: күнделікті

Бөлім озінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің актілеріне және Үкімет қаулылары мен басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. 
Бөлімнің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: 
- жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құқық нормасы бар нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық сараптама жүргізу және тіркеу;
- белгіленген тәртіппен тіркелген жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
- жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу және жариялау тәртібін реттейтін заңнамасын сақталуына бақылау және осы мәселе бойынша прокуратура органдарымен қарым-қатынасты жасау;

Бөлім жүктелген міндеттерге сәйек келесі функцияларды жүзеге асырады:
- жергілікті мемлекеттік өкілді және атқарушы органдардың құқық нормасы бар нормативтік құқықтық актілеріне, соның ішінде мемлекеттік құпия мәліметтерін қамтитын нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық сараптама жүргізу және тіркеу;
- белгіленген тәртіпте тіркелген нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімін жүргізеді;
- нормативтік құқықтық актілерді тіркеу сұрақтары бойынша мемлекеттік органдарға кеңес береді және қажетті методикалық көмек көрсетеді;
- нормативтік құқықтық актілерді тіркеу заңнамаларын қолданылуының дурыстығына жергілікті басқару органдырын тексеруді жүргізеді.
Бөлім заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізуге құқықлы:
- әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ тіркеуден өтпеген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты;
- Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабына сәйкес міндетті жариялануға жататын, бірақ белгіленген тәртіпте жарияланбаған жергілікті мемлекеттік органдардың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне қатысты;
- әділет органдарында міндетті тіркелуге жататын Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына қайшы мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты;