-A A +A

Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімі

Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшыcы- Зарина Қожабергенқызы Төребаева
Бөлім заңды тұлғаны, филиалды және өкілдікті мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, таратылуын тіркеуді жүзеге асырады, олар туралы ақпараттарды ұсынады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату фактілерін куәландыру;

- Құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу;

- Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;

- Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеру;

- Мүдделі тұлғаларға заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпараттарды (қызметтік немесе коммерциялық құпияны қамтитын ақпараттарды қоспағанда) ұсыну;

- Заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің деректерінің электронды қорын қалыптастыру;

- Бөлімге түскен азаматтардың хаттары мен арыздарын қарау.