-A A +A

Атқару өндірісін есепке алу және бақылау бөлімі

 

Бөлім басшысы- Ләззат Нәбидоллақызы Бердиева

Бөлімнің міндеті-

Әділет департаменті мен оның сот актілерін орындау бағытындағы құрылымдық бөлімдерінің жұмысына зерттеу жүргізіп, талдау және шолу жасау;

Әділет министрлігіне әр тоқсан сайын әділет министрінің бұйрықтары, әділет минитсрінің алқа қаулыларының орындалысы туралы және әділет департаментінің сот актілерін орындау бағытындағы жұмыс, алқа жоспары орындалысы туралы есеп-мәлімет дайындау;

Департаменттің мүдделерін сотта талапкер, жауапкер, үшінші жақ ретінде басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда өз өкілеттігі шеңберінде кіретін сұрақтарды қарау барысында сенім хат негізінде қорғау;

Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау;

Сот актілерін орындау барысында заң бұзушылыққа жол берген қызметшілерге қатысты қызметтік тексеру жүргізу, үлгілі еңбегімен көзге түскен қызметшілерді марапаттау туралы ұсыныс беру;

Сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдердің жұмысына тексерістерді ұйымдастыру.